Национальная казахская игра тенге алу

0 голосов
175 просмотров

Национальная казахская игра тенге алу


Қазақ тiлi (12 баллов) | 175 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Теңге алу – ежелден келе жатқан көне ұлттық ат ойыны. Көшпенді халықтың тыныс тіршілігінде ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибе өмірлік қажеттілік болған. Теңге алу сияқты ат жарысында епті және мықты шабандоз жігіттер өздерінің күштері мен тапқырлығын көрсете білген. Ойын ережесі бойынша шабандоз жігіттер бір шапқанда жерге алдын-ала шашылған барынша көп теңгені жерден іліп алуы керек. Әдетте бір шапқанда орамалға түйілген теңгенің барлығын іліп алу мүмкін емес, сондықтан ойынға қатысушылар бірінен соң бірі артынша шабады. Ойынның қызығын арттыра түсу үшін тамашалаушы халық орамалға түйілген теңгеге қосымша өз теңгелерін қосып түйеді. Осылайша, ойын жалғаса береді, ал жеңімпаз шабандоздар іліп алған теңгелерін өздеріне қалдырады.
Начинающий (103 баллов)
10,984,878 вопросов
13,471,016 ответов
8,518,553 комментариев
4,909,216 пользователей